«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-сі Ырғыз ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөнінде конкурс жариялайды
- «Ақтөбе облысының білім басқармасы» «Ырғыз ауданының білім бөлімі» ММ
Мекенжайы: Ырғыз селосы, Алтынсарин көшесі, 2;
- «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-сі Ырғыз ауданының білім бөлімі
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері - 2 адам;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері– 1 адам;
3) жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері – 2 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – 1 адам;
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 2 адам.
Ағымдағы жылғы 30 қыркүйек пен 19 қазан аралығында төменде көрсетілген білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі№355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда басып шығарылды) 9-тармағына сәйкес үміткерлер төмендегідей құжаттарды Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жолдауы қажет:
- Өтінім (еркін түрде);
- Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- Білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсына алады.
Байланыс телефондары:
87053974757
87087482578

