31 Қаң 2022
Жаңалықтар

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДАҒЫ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

? 29 қаңтар, сенбі күні басқарма басшысы Жолдас Батырхан Ырғыз ауданына жұмыс сапарымен барды. 
 
✅ Басқарма басшысының жұмыс сапары алдымен аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдағы мектептердің ахуалымен танысудан басталды. 
 
? Аудан мектептеріне ат басын тіреген басқарма басшысы Жолдас Нұрланұлы мұғалімдермен кездесіп, білім беруде тәрбиенің маңыздылығы туралы сұхбаттасып, ой бөлісті. 
 
Сонымен қатар, ауылдағы кішкентай чемпиондармен тілдесіп, мектептің жетістігіне сәттілік тіледі. 
 
✅ Түлектермен кездесуде олардың болашақ мамандықтары туралы сұрап, ҰБТ-ның жаңа форматы туралы жан - жақты түсіндірді. Мұғалім болуды мақсат еткен түлектерге саланың қыр - сырын айтып, мәртебелі мамандықты таңдағандарға бағыт - бағдар берді. 
 
✅ Басқарма басшысы жұмыс сапары барысында мектептердің күрделі мәселелерін назарға алып, алдағы атқарылатын жұмыстарды талқылап, ұсыныстарын тыңдады.
Пайдалы ақпараттық ресурстар