31 Қаң 2022
Жаңалықтар

30 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні" мерекесіне арналған "ЖАС САРБАЗ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ" атты "Жас сарбаз" әскери кадет класының ант қабылдау салтанатты жиыны болып өтт

Аталған жиынға аудан әкімі Әуелбаев Әділкерей Сағидоллаұлы, ауданның ардагерлері, Ырғыз ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі және және аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы қатысты.

Әділкерей Сағидуллаұлы құттықтау сөз сөйлеп, жас сарбаздарға арнайы куәлік табыс етті. 

Ырғыз ауданының білім бөлімі жанынан құрылған ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжеғара Жұбайұлы мен жас сарбаздардың ата-аналарының атынан Өтемісов Рахымжан Жаңабергенұлы сөз сөйлеп, болашақ жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

Пайдалы ақпараттық ресурстар