17 Қар 2021
Жаңалықтар

Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?

2021 жылғы 11 қарашада Ақтөбе облысының білім басқармасы, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы бірлесіп ұйымдастырған жалпы білім беретін мектептердің  5-7 класс  оқушылары  арасында «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары байқауының  облыстық кезеңі М.Құсайынов атындағы  Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында өткізілді.
Облыстық байқауға  аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздарынан құралған барлығы 11 команда 55 оқушы қатысты.
Байқау 2 бағыт бойынша өткізілуде:
 1. Берілген кітаптар мазмұны бойынша тест сұрақтарына жауап берді
 
 2. Қатысушылар ауызша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Нәтижесінде Ы.Алтынсарин  атындағы ЖББО мектебінің 5-7сынып оқушылары Марс Хабиба,Қанибай Бибінұр,Мергенқызы Ару, Сапарғали Толғанай, Тыныштықбай Нұргелді
ІІІ орынға ие болды, жетекшілері А.Т.Сағынбаева
 
Пайдалы ақпараттық ресурстар