09 Қар 2021
Жаңалықтар

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ауылыма кітап» қайырымдылық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қ. Жұбанов атындағы АӨУ, М. Оспанов атындағы БҚМУ аудан мектептеріне 43 кітап табыстады.

✔️ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ауылыма кітап» қайырымдылық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қ. Жұбанов атындағы АӨУ, М. Оспанов атындағы БҚМУ аудан мектептеріне 43 кітап табыстады.
✔️Акцияның мақсаты- ауыл мектептерінің кітапхана қорын толықтырып, оқу мәдениетін дамыту арқылы өскелең ұрпақтың, атап айтқанда шалғай елді мекендердегі ұрпақтың жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларын қалыптастыру.
✔️Еске сала кетейік, оқушылар арасында оқу сауаттылығы деңгейін арттыру және балаларға оқу мәдениетін дәріптеу мақсатында кітап жинау және ауылдық кітапханаларға жеткізу бойынша іс-шара жылдың соңына дейін жалғасатын болады.
✔️Акцияға қатысуға ұсыныстар мен сұрақтар туындаған жағдайда облыстық білім басқармасына немесе 8(7132)558017 байланыс телефонына хабарласуларыңызға болады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар