09 Желт 2023
Жаңалықтар

Зорлық-зомбылыққа қарсы жұмыс

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық семинар өтті.

Семинарға барлық білім беретін мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтері мен психологтары мен сынып жетекшілері, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Қ.Қ.Жазимов, аудандық аналар кеңесінің төрағасы Р.Омарова, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы К.Қосаяқов, аудан әкімі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы А.Бисенбаева,заңгер Л.Ізімғалиева, аудандық полиция бөлімінің әйелдер арасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу бөлімінің басшысы Ә.Б.Дәменова қатысты. Семинарды аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Бекниязова жүргізді.

Аудандық білім бөлімі басшысының м.у.а Бөлекбаева Қарлығаш Сүлейменқызы алғы сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.Бөлімнің әдіскері Ешпанова Ботагөз Кеңшілікқызы «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жұмыстар туралы». «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты заңдылықтардың қолданылуы» туралы аудандық полиция бөлімінің әйелдер арасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу бөлімінің басшысы Дәменова Әсел Боранбаевна,«Бақытты отбасы-зорлық –зомбылықсыз әлем» тақырыбында аудандық аналар кеңесінің төрағасы Омарова Рахия Жебегенқызы , «Отбасындағы туындаған мәселелерді шешу жолдары»тақырыбында заңгер Ізімғалиева Ләйла баяндамалар жасады.

Т.Жаманмұрынов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің психологы Мимықова Гүлім «Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы» туралы жұмыстарымен бөлісіп, көңілді тренинг ұйымдастырыды.Аталған шараға аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Қ.Қ.Жазимов қатысып, көкейкесті мәселелерге тоқталды. Өз баяндамасында аудандағы статистикалық мәліметтерге тоқтала отырып, мәслені шешу және оның алдын алу бағытында ойларымен бөлісті.Семинарларға қатысушыларға сұрақтар қойылып, тақырыпқа сай пікірлер айтылды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар