Ақтөбе облысының білім беру басқармасы, Ырғыз ауданының білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз селосы, Жангелді көшесі 1, 030400, қабылдау бөлмесі-7 (71343, 21213 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Бастауыш сынып пәні мұғалімі (екінші сынып) – 15 сағат, зейнетке шыққан педагогтің орнына бос лауазымды жұмыс.
- Мұғалімнің лауазымдық міндеттері:
- Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға оңтайлы жағдай жасайды. Жалпыға бірдей орта білім туралы заңның орындалуын қамтамасыз етеді.
- Оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, оқу жүктемесінің бөлінуі бойынша өзіне бекітілген сыныптарда сабақ жүргізеді, сабақ барысында тәртіпті қамтамасыз етеді.
- Мектепте қолданылатын білім беру бағдарламаларын оқу жоспарына, өзінің сабақ жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырады; әртүрлі әдіс-тәсілдерді және оқыту құралдарын пайдаланады.
- Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес келетін білім алушылардың дайындық деңгейін қамтамасыз етеді.
- Оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады.
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды, оқу процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
- Әрбір жазатайым оқиғаны мектеп басшылығына дер кезінде хабарлайды, алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын қолданады.
- Еңбекті қорғау бойынша ережелердің (нұсқаулардың) сақталуын бақылайды.
- Сынып құжаттамасын белгіленген тәртіпте жүргізеді, оқушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін қадағалайды, есеп беру мәліметтерін мектеп әкімшілігіне уақытылы тапсырады.
- Мұғалімнің әлеуметтік мәртебесіне сәйкес мектепте, үйде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстаудың этикалық нормаларын сақтайды.
- Педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген үміткерге қойылатын біліктілік талаптары
- Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.01.2023 бастап 09.01.2023 ж. дейін.
- Құжаттар тізімі:
1) осы Ережелерге 10-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) Толтырылған жеке кадрлық есеп парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);
4) Педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген үлгі бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 21579 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаты туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған бағалау парағы.