30 Мамыр 2022
Жаңалықтар

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Ырғыз ауданындағы жалпы білім беретін орта мектептерінде "Жас Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.

Барша жас түлектерге, ата-аналарға, ардагерлерге, ұстаздарға және шақырылған қонақтарға арналған концерттік бағдарламалар өткізілді.

Мектеппен қоштасқан 191 түлектердің 16-ы «Алтын белгі» және 7-і «Үздік аттестат» үміткерлері болып ұсынылуда.

Түлектерге «Ақтөбе облысының мемлекеттік салып алулар басқармасы» басшысы А. Қаратаева, Ырғыз ауданының әкімі Н. Қызбергенов, аудандық білім бөлімі басшысы Б. Аманжол, аудандық әкімдік пен білім бөлімі мамандары өздерінің тілектерін білдірді.

Шара барысында белсенді оқушылар және мектептің қоғамдық шараларына атсалысқан ата-аналарға алғыс хат табысталды.

Үлкен өмірге қадам басқан барша түлектерге сәт-сапар!!! Қалаған оқуларыңызға түсіп, ел мерейін үстем ететін азамат болуларыңызға тілектеспіз!!!!

Пайдалы ақпараттық ресурстар