02 Желт 2021
Мемлекеттік қызметтер

Шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызметті алушылар үшін  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сенім телефоны: 8(7132)54-56-57, 55-09-42 (Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40)

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» бірыңғай ақпарат орталығының 1414, 8-800-080-7777 (қонырау соғу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе қызмет беруші тарапынан дөрекілікке жол берілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің әкіміне немесе egov.kz порталы арқылы жолданады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым арызда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телфондары (егер бар болса) шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағымда әрекеттері немесе әрекетсіздігіне шағымданып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, арыздану себептері мен талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға шағымның қабылданғанын растайтын шағымның қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар