№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысы |
docx |
2 |
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы |
docx |
3 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы |
docx |
4 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 599 бұйрығы |
docx |
5 |
Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы |
docx |
6 |
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы |
docx |
7 |
"Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" |
docx |
8 |
Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы |
docx |
Жекелеген санаттағы білім алушыларға көрсетілген әлеуметтік қолдау
Бүгінгі күні аудан бойынша 21 жалпы білім беретін мектептердегі 643 білім алушылар мен тәрбиеленушілер жекелеген санаттарына сәйкес, тегін ыстық тамақпен және матералдық көмекпен қамтылған. 2019 жылдан бастап барлық мектептерде 4 апталық ас мәзірімен тамақтандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта, жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жекелеген санаттарына сәйкес, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Тегін ыстық тамақпен қамтылған 643 оқушы бойынша аз қамтылған отбасындағы оқушы саны - 352, атаулы көмек (АСП) алатын отбасындағы оқушы - 291. Асханасы жоқ мектеп жоқ. 20 мектеп асханасы 31 бейне бақылау жүйесімен жабдықталған.
Азық түлікке мемлекеттік порталда конкурс жарияланды. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жекелеген санаттарына сәйкес, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкер «Иманәлі-19» ЖШС-нің кәсіпкері Д.Байжиеновпен 18 мектеп үшін келісім шартқа отырылды. 1 балаға шаққандағы тамақтың 1 күндік нормасы ҚҚС-ғын қосқанда 507 теңгеден ас мәзірімен бекітілді. «Құйылыс» ЖББОМ, «Ө.Қанахин атындағы» орта мектебі ИП «Ипановпен», «Нарқызыл» негізгі мектебі ЖК «Гүлжазирамен» келісім шартқа отырылды. Бүгінгі күні барлық мектептер ыстық тамақпен қамтылып отыр. Жекелеген санаттарына сәйкес 643 білім алушыға қыстық, күздік аяқ киімдер, күртешелер, мектеп формасы, туфли, спорттық киім, спорттық аяқ киім және оқу құралдары сатып алынып берілді. Жекелеген санаттарына сәйкес 643 оқушыға бір балаға шаққанда 22,000 теңгеге киімдер, 8000 теңгеге оқу құралдары сатып алынып берілді. Биылғы 2022 жылға аз қамтылған отбасы бала саны 665 оқушы.
Есепші Н.Тоқтарова.